RU
Қасымов президент күніне орай үздік полицейлерді марапаттады
Жаңалықтар Саясат және экономика

Қасымов президент күніне орай үздік полицейлерді марапаттады

Рассказать Вконтакте

ІІМ-де тұңғыш президент күніне орай салтанатты жиын өтті. Осыған орай министр Қасымов ерен еңбегімен көзге түскен бірнеше қызметкерді марапаттады деп жазады ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Қасымов президент күніне орай үздік полицейлерді марапаттады

Қасымов президент күніне орай үздік полицейлерді марапаттады
Source: Facebook

«Елбасына әрбір полицейге деген қамқорлығы үшін алғысымыз мол. Сонымен бірге осыншалықты қамқорлық бізге үлкен жауапкершілік жүктейді. Сондықтан қазақстандық полиция қылмысқа қарсы күресте және еліміздегі құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде. Мемлекет басшысына тірек болып қала береді. Алдағы уақытта да халыққа адал қызмет етіп, қазақстандықтардың тыныштығын қорғайды, антқа адалдықтарын көрсетіп, қызметтік міндеттерін үлгілі және жауапкершілікпен атқарады деп сенемін», деді өзінің құттықтау сөзінде ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов.

Сондай-ақ, министр кезектен тыс арнайы атақ алғандар қызметкрелерге погон және адал қызметімен көзге түскен тәртіп сақшыларына ведомстволық наградалар тапсырды.

Жалпы, тұңғыш президент күнінде 783 қызметкер, оның ішінде орталық аппараттың – 106 және ішкі істер органдары аумақтық бөліністерінің 676 қызметкері марапатталды.

Сіздің реакцияңыз
3
2
0
0
3
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel