RU
Шаш бояуынан аллергия алған бойжеткеннің түрі құбыжыққа айналды
Жаңалықтар Денсаулық және сұлулық

Шаш бояуынан аллергия алған бойжеткеннің түрі құбыжыққа айналды

Рассказать Вконтакте

Париждің 19 жастағы тұрғыны шашын бояймын деп, құбыжыққа айналды. Эстель есімді ару аллергияға қарсы тестті дұрыс тексерместен, шашын бояп тастаған деп жазады woman.rambler.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото:Фото: Le Parisien / YouTube

Фото:Фото: Le Parisien / YouTube

Сауда дүкенінен шаш бояуын сатып алған ару ондағы түсіндірмеге аса назар аудармаған.

Эстель аллергияны тексеретін тестті 48 сағат күтудің орнына, 30 минуттан соң шашына бояуды жағып тастайды.

Осыдан кейін бойжеткенніің басы қышып, оның басының көлемі 56 см-дан 63-ке жетеді.

"Маңдайым екі есеге үлкейіп кетті. Ал басым лампаға ұқсап қалды", - дейді бойжеткен.

Эстельдің анасы қызын дереу ауруханаға алып барып, қажетті дәрі-дәрмекті алады.

Алайда бойжеткенге дәрі әсер етпеген.

Арада біраз уақыт өткеннен кейін Эстель дертінен айығып, өзінің суреттерін желідегі парақшасында бөліскен.

Сіздің реакцияңыз
0
7
0
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel