RU
Хабиб Нурмагомедов танымал тележүргізушінің қолын алмай қойды
Жаңалықтар Спорт

Хабиб Нурмагомедов танымал тележүргізушінің қолын алмай қойды

Рассказать Вконтакте

UFC жауынгері Хабиб Нурмагомедов танымал тележүргізуші Тина Канделакидің қолын алмай қойды. Олар ірі форумда кездескен деп жазады Sports.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: bublik.delfi.ee

Фото: bublik.delfi.ee
Source: Instagram

Форум жүргізушісі Тина студияға қонақ болып келген Хабибке қолын созып, амандаспақ болған. Алайда, ислам дінін берік ұстанатын спортшы әйгілі тележүргізушінің қолын алмай қойды.

Спортшының бұл әрекеті желіде қызу талқыланған. Тіпті, Канделакидің өзі ислам дінін сыйлайтынын айта келе, танымал адамның халық алдында қол алғанында тұрған ештеңе жоқ екенін айтады.

Кейін Хабиб Нурмогамедтов өз парақшасында Тинадан бұл әрекеті үшін кешірім сұрап, жүргізушіні сыйлайтынын мәлімдеді.

Сіздің реакцияңыз
3
0
0
0
0
13
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel