RU
Теміртауда 10 күн бұрын жұмысына кеткен ер адам табылмай жатыр
Жаңалықтар Қоғам

Теміртауда 10 күн бұрын жұмысына кеткен ер адам табылмай жатыр

Рассказать Вконтакте

Теміртау тұрғыны Сергей Репкин 20 қараша күні жұмысына кетіп, сол күйі үйіне оралмаған. Бұл туралы еТеміртау сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

видеодан скриншот

Фото: видеодан скриншот
Source: Facebook

37 жастағы Сергей анасының үйінен металл сынықтарын жинау орнына кеткен, ол жерден ер адам жұмысына баруға тиіс болған. Түнгі ауысымнан оралмаған соң әйелі оны іздей бастаған.

"Күйеуім қыркүйек айынан бері ұялы телефонсыз жүрген. Біз оны жұмыста деп ойладық. Таңертең келмеген соң ұстаға хабарласқанымызда, оның жұмысқа бармағанын анықтадық", - деді Сергейдің әйелі Ольга.

Ольганың айтуынша, күйеуі ешқашан бұлай үйден кетпеген екен. Алғашында олар ер адамды өз күштерімен іздеген. Ер адам табылмаған соң полицейлердің, еріктілердің көмегіне жүгінген.

Еріктілер ер адамның суретін әлеуметтік желіде жариялаған. Сонымен қатар оның жүрген жолымен жүріп, іздеген.

Сергей Репкиннің сипаттамасы: бойы 170 см, жасыл көзді, қара шашты, оң жақ ернінің астында тыртығы бар. Қара күртке, қара бас киім, көк джинсы шалбар мен күдері етік киген.

Ер адам жөнінде қандай да бір ақпарат білетін адамдар 102 немесе 8778 366 2681 нөмірлеріне хабарласуды сұрайды.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel