RU
Ақтөбе облысында ер адамдар жаппай жоғалып жатыр
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Ақтөбе облысында ер адамдар жаппай жоғалып жатыр

Рассказать Вконтакте

13 қараша күні "Қожасай" кен орнында ақтөбелік азамат жоғалып кеткен. Полиция мен еріктілер жабыла іздеген ер адамның мәйіті үш тәуліктен кейін табылды. Бұл туралы АқтөбеТаймс сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

timeskz

Фото:timeskz
Source: Facebook

Ер адамның жоғалғаны туралы ақпарат 13 қараша күні әлеуметтік желіде жарияланған.

"16 қараша күні кешкі сағат 10-да Байғанин ауданыдағы Жаңатаң ауылының маңындағы Жем өзені жағалауында ер адамның денесі табылды", -деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз өкілдері.

Осыдан бірнеше күн өткеннен кейін Ақтөбеде тағы бір ер адам жоғалып кетті.

"16 қараша күні түс кезінде ол көлігін "Сервис орталығына" апару үшін шыққан. Кешкі 10-ға дейін байланысқа шығып отырды, яғни телефоны мен WhatsApp қосымшасы қосулы болды. 10-нан кейін байланысқа шықпай, ұялы телефоны өшірілді",- деп жазған ер адамның туыстары.

Өкінішке қарай үш тәуліктен кейін ер адамның өлі денесі табылған.

"Сәнкібай даңғылындағы гаражда ер адамның мәйіті анықталды", - деп хабарлады полиция өкілдері.

Екі азаматтың да не себептен қайтыс болғандары айтылмай отыр. Аталмыш фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, сараптама тағайындалған.

Естеріңізге сала кетейік, Ақтөбеде шұңқырға түсіп кеткен кәсіпкерге туыстары іздеу салған болатын. Оны іздеуге еріктілер, құтқарушылар, полицейлер және сарбаздар жұмылдырылған еді.

"Алдашевтің жоғалуына байланысты жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде. Алайда әзірге нәтиже жоқ", - деп мәлімдеді полиция қызметкерлері.
Сіздің реакцияңыз
3
3
6
6
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel