RU
Шымкентте жеті жасар оқушы қызды жүк көлігі қағып өлтірді
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Шымкентте жеті жасар оқушы қызды жүк көлігі қағып өлтірді

Рассказать Вконтакте

Шымкентте жеті жасар мектеп оқушысын жүк көлігі қағып кетті. Жаяу жүргіншілер жолағымен өтпек болған оқушы қыздың ажалы ата-анасын есеңгіретіп тастаған деп жазады Otyrar.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Жол-көлік оқиғасы. Фото: otyrar.kz

Жол-көлік оқиғасы. Фото: otyrar.kz

Қаралы жағдай бүгін, түскі сағат 15:00 шамасында орын алған. 1992 жылы туған жүргізуші жаяу жүргіншілер жолағынан өтпек болған қыз баланы байқаусызда қағып кетеді.

Мектептен үйіне қайтып келе жатқан жеткіншек оқиға орнында қаза тапты. Ол жанұядағы үш баланың бірі екен. Қызының қазасын ауыр қабылдаған анасына да дәрігерлер тез арада көмек көрсетті.

Оқиға орнына дереу жеткен полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғасының себептерін анықтауда.

Биылғы оқу жылы басталғалы бері Шымкентте оқушылардың өліміне қатысты бірнеше дерек тіркелді.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
26
0
3
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel