RU

Астана көшелерінде 10 балдық көлік кептелісі тіркелді (видео)

Астана көшелерінде орын алған өте ұзақ кептелісті жолаушылар видеоға түсіріп, желіде бөлісуде деп хабарлайды NUR.KZ.

Көрнекі фото: ria.ru
Көрнекі фото: ria.ru: Depositphotos

"Яндекс" жүйесі кептелісті 10 балл деп тіркеген. Ол тек ірі көшелерде емес, кішігірім көшелерде де тіркелген.

Сонымен, көліктер жолының бөгелуі Амман, Қонаев, Сарайшық, Достық, Ақжол, Сығанақ көшелері мен Бөгенбай батыр, Абай, Мәңгілік ел даңғылдарында қатты байқалады.

Қала тұрғындарының көпшілігі кептелісті видеоға түсіріп, әлеуметтік желіде бөлісуде. Олардың бірі Астанада бірнеше жерде жол-көлік оқиғалары орын алғанын да жеткізіпті. Азаматтың айтуынша, осындай кептеліске қардың тазаланбауы себеп болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1766462-astana-kselerinde-10-baldyk-klik-keptelisi-tirkeldi-video.html