RU

Петропавл билігі жаңа жыл мерекесіне бір тиын да бөлмей қойған

Елімізідң ең бюджеті төмен өңірі Солтүстік Қазақстан облысында жергілікті билік жаңа жыл мерекесін тойлауға бір тиын да бөлмей қойған деп хабарлайды КТК арнасы.

Көрнекі фото: carwad.net
Көрнекі фото: carwad.net: UGC

Петропавлдық әкімдік ескі шыршаны пайдаға жаратып, тағы да бір мейрамды өткеріп аламыз деп отыр. Олар өткен жылы да жаңа жыл символын сатып алмаған екен. Себебі небәрі 9 миллиард теңгелік бюджеті артық шығынды көтермейтін көрінеді.

Оған қоса билік өкілдері өткен жылдары алынған шырша мен ойыншықтарды ысырап етіп, далаға тастамайтындарын айтады.

Дегенмен әкімдік өкілдері жыл мерекесінде қаланы аздап болсын әдемілеп қою үшін колледждерден көмек сұрапты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1766466-petropavl-biligi-zaa-zyl-merekesine-bir-tiyn-da-blmej-kojgan.html