Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Таиландта піл жүргізушіні көлігімен бірге таптап кетті

Опубликовано:

Таиландтың солтүстігінде жергілікті қорықтар жолында жеңіл көлігімен кетіп бара жатқан жүргізушіні піл таптап кетті. Ол алып жануардың артқы аяғына соқтығысып қалған деп хабарлайды Oxu.Az сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: Oxu.Az
Көрнекі фото: Oxu.Az: Getty Images

Оқиға Накхон Найок провинциясындағы ұлттық паркте орын алған. Қайғылы оқиға болған орында пілдер жүруі мүмкін деген белгі де орнатылыпты.

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, жүргізуші ол белгіге назар аудармай, пілдің соңынан қатты жылдамдықпен келіп қалған. Нәтижесінде тоқтап үлгере алмағандықтан, пілдің аяғына барып соғылады.

Алып жануар содан кейін көліктің алдыңғы бөлігін ішіндегі адамымен қоса езіп жіберген. Азамат оқиға орнында мерт болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1766472-tailandta-pil-zrgizusini-kligimen-birge-taptap-ketti/

pixel