Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлем елдерін аралағаны үшін 30 мың доллар жалақы алған ару жұртты таңғалдырды

Опубликовано:

Исландиядық Сорелл Амор әлемнің ең үздік 12 қонақүйіне тоқтаған. Алайда ару ол үшін еш қаражат төлемей, керісінше 30 мың доллар пайда тапқан. Бұл туралы Bigpicture.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Бойжеткен ThirdHome туристік компаниясына сұраныс жіберген 50 мың адамның ішінен таңдап алынған.

Оның бұл жұмысқа орналасуына фотограф болып жұмыс істеген тәжірибесі мен көп саяхаттағаны әсер етіпті. Сорелл конкурсқа дейін 40 елді аралап тастаған екен.

Сореллдің қызықты күндері 13 аптаға жалғасқан: Шотландиядағы қамалдардан басталып, Сиднейде аяқталыпты.

12 қонақ үйдің әрқайсысында бойжеткен алты күннен түнеп шыққан екен.

13 аптада ол Балиге, Багамаға, Фиджи мен Мороккоға, Хорватия мен Коста-Рикаға, Испания, Қытай мен басқа елдерге де аяқ тіреп үлгеріпті.

"Саяхаттау барысында мен суреттер мен видеоларды өңідеп, жазбалар жазуым қажет болды", -дейді ол.

Сореллдің айтуынша, оған суретке түсетін орын тауып, жақсы кадрлар шығару, оны қызықты жазбамен желіде жариялау өте қиын болған.

Сол себепті, ару әуежайда отырғанды ұнатқан екен. Себебі, сол жерде ғана ол еш асығыссыз жазбасын жазу мүмкіндігіне ие болатын көрінеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1766480-lem-elderin-aralagany-sin-30-my-dollar-zalaky-algan-aru-zrtty-tagaldyrdy/

pixel