RU
"Сақиналар әміршісінің" кейіпкерін сомдау үшін шешінген сәнқой елді шошытты
Жаңалықтар Калейдоскоп

"Сақиналар әміршісінің" кейіпкерін сомдау үшін шешінген сәнқой елді шошытты

Рассказать Вконтакте

Шашын тақырлап алып, киімдерін шешіп тастаған ағылшын сәнқойы "Сақиналар әміршісі" трилогиясының кейіпкерін көрсетіп, жанкүйерлерін қорқытып қойды. Бұл туралы Korresspondent.net сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Фото: Видеодан кадр/ Instagram

Фото: Видеодан кадр/ Instagram
Source: Instagram

Әйгілі сәнқой Кара Делевинь "Сақиналар әміршісі" трилогиясындағы Голлум атты кейіпкерді көрсетті. Бұл видео Instagram әлеуметтік желісінде қызу талқыға түскен.

Бейнежазбада Делевинь шашын тақырлап алып, толық шешініп тастаған. Осылай бұрышқа отырып алған ол Голлумның әйгілі "Менің қымбаттым" сөздерін айтады. Сондай-ақ, сәнқой кейіпкердің мимикасын да келтірген.

Видео екі сағатта 9 млн қаралым жинаған. Желі қолданушыларының бірі сәнқойдың актерлік қабілетіне таң қалса, екіншілері бойжеткеннің денсаулығы дұрыс емес деп топшылаған.

Сіздің реакцияңыз
8
4
6
0
1
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel