Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде мектептің төбесі құлаған: Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін комиссия құрылды

Опубликовано:

30 қараша күні Ақтөбедегі мектептердің бірінде ғимараттың төбесі опырылып түсіп, тоғыз оқушы қауіпсіз жерге шығарылған. Қазір аталған жағдайды тексеру үшін арнайы комиссия құрылды. Бұл туралы Өңірлік коммуникация қызметіне Ақтөбе қалалық білім бөлімі хабарлаған деп жазады NUR.KZ.

Оқиға орнынан сурет
Оқиға орнынан сурет: Instagram

Ұстаздар оқиға орнында болған балалардың ата-аналарына бірден хабар берген. Мектептегі медицина қызметкері оларды қарап, ішкі ережеге сәйкес жедел жәрдем бригадасын шақыртқан.

Артынша оқушылар облыстық балалар клиникалық ауруханасына жеткізіліп, профилактикалық тексерістен өтіпті. Олардың денсаулығы қалыпты екеніне көз жеткізген ата-аналары оларды үйлеріне алып кеткен екен. Ал сырқат бойынша есепте тұрған қыз ауруханада таңға дейін дәрігерлер қарауында болған.

Айта кетейік, мұндай жағдай Ақтөбе қаласындағы білім мекемелерінде алғаш рет болып отыр. №40 мектеп пайдалануға 2009 жылы берілген және білім ордасында жыл сайын жөндеу жұмыстары жүргізіліп отырады.

Ал ғимарат төбесінің құлауына не себеп болғанын Ақтөбе әкімдігі құрған арнайы комиссия анықтайтын болады.

Аталған мәселені Ақтөбе әкімі өз қадағалауына алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1766489-aktbede-mektepti-tbesi-klagan-okigany-mn-zajyn-anyktau-sin-komissia-kryldy/

pixel