Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Шейхтардан асады": Елбасының ақ батасын алған азамат қазақ халқын еңбек етуге шақырды

Опубликовано:

17 жасында Елбасының ақ батасын алған азамат халықты Тұңғыш президент күнімен құттықтады. Нұржан Қоңырбай өз Facebook парақшасында қазақтарды еңбек етуге шақырды деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: facebook.com/ Nurzhan Tursynbay
Фото: facebook.com/ Nurzhan Tursynbay: Instagram

Ол осы уақытқа дейін мемлекет басшысымен бірнеше рет кездесіп, тілдескенін жеткізді.

"Жалпы мен өзім сонау алғаш шетелге оқуға барып, сонда 17 жасымда алғаш рет Елбасымызбен кездесіп, ақ батасын алған азаматтың бірімін. Кейіннен, Аллаға шүкір, осы дін саласында жүріп, бірнеше рет кездесу сəті түсіп, тіпті өз ойымды тікелей Елбасыға айтқан кездерім де болды. Менің айтпағым, анығында біздің президентімізді əлем мойындаған. Ал өз басым мақтаныш тұтатын кемеңгер, бір туар азамат деп аса құрметпен бағалаймын.
Ол халқымның жағдайы жақсы болсын деп күндіз-түні күш жігерін арнап келеді. Өзім дін саласында жүргендіктен діни тұрақтылықты қамтамасыз етуге мемлекет тарапынан жоғары қолдау көрсетіп келе жатқанын көріп, біліп келемін. Ол жастардың санасын əртүрлі бағыттағы дінді жамылған кереғар жолдардан сақтауға арналған бағдарламалармен қолдау көрсетіп келеді",- деп жазған ол.

Нұржан Тұрсынбай сол себепті емін-еркін елде әр түрлі салада кәсіппен айналысып жүргенімізге тәуба ету қажеттігін айтты. Ол бұл істің барлығы президенттің жүйелі бағыты деп білетінін жеткізді.

Одан бөлек, азамат қазақтарды жалқауланбай, еңбек етуге шақырды.

"Бірде араб досым біраз уақыт елімізде болып, былай дейді."Сендерде жұмыс істеу, кəсібіңді дамыту мүмкіншіліктері жоғары екен, егер қазақ халқы жалқаулыққа салынбай еңбек етсе , тіпті Дубайдағы шейхтардан да асып түсесіңдер дегені бар еді. Міне, осының бəрі нығмет емес пе? Әрине, ұлы нығмет! Сондықтан қолымыздан келгенше барымызбен мақтанып, елімізді дамытуға үлес қосуға шақырамын", -деп жазды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1766516-sejhtardan-asady-elbasyny-ak-batasyn-algan-azamat-kazak-halkyn-ebek-etuge-sakyrdy/

pixel