RU

Мұнайлы ауданының тұрғындары баспаналы болды

Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданында мерейлі мереке қарсаңында бала бақша мен тұрғын үй қолданысқа берілді. Жаңа қонысқа кірген 15 жанұяға өңір басшысы Ералы Тоғжанов пәтер кілтін табыстады.

Фото: Маңғыстау облысы әкімдігі
Фото: Маңғыстау облысы әкімдігі: UGC

"Нұрлы жер" бағдарламасын жүзеге асыру аясында жалпы көлемі 13 888 шармы метр құрайтын 4 қабатты 7 тұрғын үй тапсырылды. Бұл жаңа пәтерлер кезекте тұрған мемлекеттік қызметкерлерге, бюджеттік ұйымдардың жұмысшыларына және арнайы санаттағы адамдарға берілді.

Фото: Маңғыстау облысы әкімдігі
Фото: Маңғыстау облысы әкімдігі: UGC

Жыл соңына дейін Батыр ауылында 4 пәтерлік 1 қабатты 20 тұрғын үй қолданысқа беріледі деп күтілуде.

"Құрметті жерлестер, баршаңызды Тұңғыш Президент күнімен құттықтаймын. Елбасы өзінің жолдауында әлеуметтік маңызды жобалар жандандыру үшін жеке бизнесті тарту керектігін айтты. Мемлекеттік жеке меншік серіктестігі еліміздің экономикасын жаңа деңгейге жетелейтін, кәсіпкерлерді инвестициялық жобаларға тартатын негізгі жобалардың бірі. Кез келген мемлекеттің басты байлығы ол халқы. Адам өмірі, денсаулығы, адамдардың әлеуметтік қамтамасыз етілуі еліміздің басым бағыттарының бірі. Сондықтан, Елбасы бекіткен бағдарлама аясында Біздер Мұнайлы ауданының тұрғындарына жаңа пәтер кілттерін табыстадық және жаңа бала бақша ашып бердік"- деді әкім Ералы Тоғжанов.
Фото: Маңғыстау облысы әкімдігі
Фото: Маңғыстау облысы әкімдігі: UGC

Сондай-ақ, Бозжыра ауылында 140 балаға арналған "Жанымай" бала бақшасының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бүгінгі таңда Мұнайлы ауданы бойынша барлығы 58 бала-бақша (15 мемлекеттік, 43 жеке меншік) бар. Жыл басынан бері 614 орындық құрайтын 9 жеке меншік бала бақша есігін айқара ашып, жыл соңына дейін 497 орындық 7 жеке меншік балабақша іске қосылмақ. Қазіргі таңда тізімде 3-6 жас аралығындағы бүлдіршіндердің саны 330. Жыл соңына дейін 97,3% балалар бала-бақшаға орналастырылады.

Фото: Маңғыстау облысы әкімдігі
Фото: Маңғыстау облысы әкімдігі: UGC

Сондай ақ, облыс басшысы "Мұхамбет" жеке меншік медициналық орталығымен танысты. Бұл орталықтың қазіргі таңда Басқұдық, Маңғыстау ауылдарында қосымша жер учаскелерді аукцион арқылы сатып алып, 11 мың халыққа тегін кепілдірілген көмек көрсетуде.

Фото: Маңғыстау облысы әкімдігі
Фото: Маңғыстау облысы әкімдігі: Instagram

Өткен жылы алғашқылардың бірі болып «Нұр капитал» бағдарламасынан 1%-бен 30 млн. теңге несие алып, жаңа заман талабына сай медициналық құрылғылар сатып алынды (жылжымалы медициналық кешен машинасы, лор комбайн, узи экспорт класс, флюорографиялық аппарат). Орталықта 27 дәрігер мен 35 орта буынды медицина қызметкерлері қызмет етеді.

Фото: Маңғыстау облысы әкімдігі
Фото: Маңғыстау облысы әкімдігі: Twitter

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1766518-mnajly-audanyny-trgyndary-baspanaly-boldy.html