RU

Хоккей матчына барған жанкүйер ойда-жоқта 1 млн рубль жеңіп алды (видео)

"Ақ Барыстың" жанкүйері Ілияс Хасаншин ҚХЛ чемпионатының "Локомотивке" қарсы матчында (5:3) 1 млн рубль ұтып алды деп хабарлайды "Спорт-Экспресс" сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр: Instagram

1998 жылдан бастап "Ақ барыстың"жанкүйері болған азамат үшінші кезеңнің алдында конкурсқа қатысқан. Оның ережелері бойынша қақпа сызығынан қарама-қарсы тұрған қақпадағы шағын ойыққа соққы беру керек болған. Соққыны дәл бағыттаған ол жеңіске жетіп, 1 млн рубль жеңіп алған екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1766522-hokkej-matcyna-bargan-zankjer-ojda-zokta-1-mln-rubl-zeip-aldy-video.html