RU
Ұшақ бортында отырған ұстазына алғыс айтқан түркиялық ұшқыш жұртты жылатты
Жаңалықтар Калейдоскоп

Ұшақ бортында отырған ұстазына алғыс айтқан түркиялық ұшқыш жұртты жылатты

Рассказать Вконтакте

"Turkish Airline" жолаушылар ұшағының бірінде жантебірентерлік оқиға болды. Әуе лайнерінде мектептегі ұстазы отырғанын білген ұшқыш оны ұстаздар күнімен құттықтауды жөн көріпті деп хабарлайды kp.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр/ Twitter

Фото: Видеодан кадр/ Twitter
Source: Twitter

Видео әуекомпанияның Twitter парақшасында 24 қараша- ұстаздар күнінде жарияланған.

Бейнежазба кадрларынан салондағы ұшқыштар мен бортсеріктердің мерекемен монитор арқылы құттықтап жатқанын байқауға болады. Бір уақытта экранда ұшақты басқарып отырған капитан Митхат Охан Онан бой көрсетеді. Ол әуе лайнерінің бортында отырған ұстазы Селахотин Онанды құттықтайды.

"Ол маған ұшуды үйретті" , -дейді байланыстағы капитан.

Осы уақытта қатты қуанған ұстаз көзіне жас алады. Артынша экипаж мүшелері оған бір құшақ гүл әкеліп, алғыс сөздерін айтып, қолынан сүйеді.

Әуекомпания жазбасының астында желі қолданушылары өз ұстаздарын ұмытпау керегін, мерекеде оларды жалғыз қалдырмау қажеттігін жазған.

Сіздің реакцияңыз
0
0
1
2
2
24
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel