RU

Ақтөбе облысында өртенген автобустың иесі Ташкентте ұсталды

Өзбекстан астанасында 52 өзбекстандық өртеніп кеткен автобустың иесі, Қазақстан азаматы ұсталды деп хабарлайды "ҚазАқпарат" агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: otyrar.kz
Фото: otyrar.kz: Instagram
"Автобус Қазақстанның 46 жастағы азаматына тиесілі болған. Ол мемлекеттің құқық қорғау органдарына келмей, қашып жүрген. Сондай-ақ, ол Қазақстанда Қылмыстық кодекстің 348-бабының («Көлiк құралдарын сапасыз жөндеу немесе оларды техникалық ақауларымен пайдалануға шығару») 4-бөлігіне сәйкес айыпталып жатыр", - деп мәлімдеді Ташкент қалалық ішкі істер бас басқармасының баспасөз қызметі.

Өзбекстандық құқық қорғаушылардың айтуынша, автобус иесі 20 қарашада ұсталған. Мемлекетаралық іздеуде жүрген автобус иесі жедел-іздестіру шаралары барысында Ташкент қаласының Сіргелі ауданында табылған.

Күдікті экстрадициялау мәселесі шешілгенге дейін Өзбекстан Ішкі істер министрлігі Жаза өтеудің бас басқармасы мекемесінде болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1766525-aktbe-oblysynda-rtengen-avtobusty-iesi-taskentte-staldy.html