RU
Ішімдікке сылқия тойған дәрігер жаңа туған нәресте мен оның анасын өлтіріп қойды
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Ішімдікке сылқия тойған дәрігер жаңа туған нәресте мен оның анасын өлтіріп қойды

Рассказать Вконтакте

Үндістанның Гуджарат штатында ішімдікке сылқия тойып алған дәрігер жаңа туған нәресте мен оның анасын өлтіріп қойды деп хабарлайды Lenta сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Manish Swarup / Reuters

Фото: Manish Swarup / Reuters
Source: Instagram

22 жастағы әйел толғақ қысқан соң бірден ауруханаға жеткізілген. Оған кесір тілігі жасалғаннан кейін дәрігерлер нәрестенің көз жұмғанын, ал анасынан қан тоқтамай жатқанын айтыпты. Артынша ол жекеменшік ауруханаға ауыстырылғанымен, оның өмірін сақтап қалу мүмкін болмаған екен.

Кесір тілігін 15 жылдық тәжірибесі бар дәрігер жасаған. Әйел көз жұмған соң туыстарынан қорыққан ол полицейді өзі шақыртыпты. Ал клиникаға келген тәртіп сақшылары ақ халаттының мас екенін анықтап, қамауға алған екен.

Қазір бұл іске қатысты тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Сіздің реакцияңыз
0
6
4
4
0
5
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel