RU

Қытайда кінәсіз азамат 23 жыл түрмеде отырып шыққан

Қытайда кінәсіз азамат 23 жыл түрмеде отырып шыққан. Бұл туралы Lenta сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Lenta
Фото: Lenta: Twitter

Сот 50 жастағы Цзинь Чжэхуннан адам өлімі мен зорлауға қатысты кінәні алып тастады. Азамат 30 қараша күні бостандыққа шыққан.

1995 жылы 29 қыркүйек күні Гирин провинциясының Юнцзи уезінде темір жолдан 20 жастағы әйелдің денесі табылған. Бір айдан соң 27 жастағы Цзиньді адам өлтіру және зорлау фактісі бойынша тұтқындапты.

Осылайша сот 1996 жылы қараша күні қытайлық азаматты өмір бойына бас бостандығынан айырған. Сотталушы тергеу уақытында өзін қинағанын айтқанымен сот үкімді солай қалдырған екен.

2014 жылы Жоғарғы сот Цзинь мен оның жанұясы берген аппеляциясынан кейін сот ісін қайта қолға алған.

Осылайша, қайта жүргізілген тергеу нәтижесінде 23 жыл абақтыда отырған азаматтың кінәсіз екені анықталыпты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1766538-kytajda-kinsiz-azamat-23-zyl-trmede-otyryp-sykkan.html