RU

Күзетшілердің көзінше бес млн теңгенің сөмкелерін ұрлаған әйел жаға ұстатты

Мәскеудегі мемлекеттік әмбебап дүкенде әйел адам күзетшілердің көз алдында бес миллион теңге тұратын екі клатчты ұрлап кеткен. Бұл туралы life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

elle.ru
Көрнекі фото:elle.ru: Facebook

Ұры әйел Longchamp дүкеніне кіріп, ұнаған люкс сөмкелерін алған.

Содан кейін әйел адам күзетшілер тұратын жердің алдына кідіріп, сөмкелерді пакетке салып алып, детекторлардан еш бөгетсіз өтіп кете берген.

Әзірге француздық сөмкелерді ұрлаған әйел табылмаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1766540-kzetsilerdi-kzinse-bes-mln-tegeni-smkelerin-rlagan-jel-zaga-statty.html