RU
Бір жыл бойы мүгедектік рәсімдей алмай жүрген бір аяқсыз зейнеткер жан айқайын жеткізді
Жаңалықтар Қоғам

Бір жыл бойы мүгедектік рәсімдей алмай жүрген бір аяқсыз зейнеткер жан айқайын жеткізді

Рассказать Вконтакте

Ақтөбе қаласында Юрий Мануилов бірінші топ мүгедектігін рәсімдей алмай жүргеніне бір жыл болған деп хабарлайды АқтөбеТаймс басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ.

aktobetimes.kz

Фото:aktobetimes.kz
Source: Facebook

Юрий Мануилов жарақатын жұмыс орнында алған екен. Қазір бір аяғы жоқ, жұмыс істемейді, үшінші топ мүгедегі. Жұбайы Раиса Ивановна олардың өткен жылдың қазанынан бері күйеуіне бірінші топ мүгедектігін рәсімдеу үшін жүгіріп жүргенін айтты.

"Соңғы айда 10 рет бардым, бірақ бізді ешкім естімейді. Қазіргі күйеуімнің мүгедектігі жұмыс істей алатын адамдарға беріледі, ал ол жұмыс істемек түгіл, қарапайым қажеттіліктерін істей алмайды", - деді Раиса Ивановна.

Зейнеткерге бірінші топ мүгедектігі ауруды басатын дәрілер алу үшін керек екен.

"Күйеуім нашар ұйықтайды, сандырақтайды. Үйде біреу болса, шыдауға тырысады, ешкім жоқ кезде ыңқылдап, жылайды", - деп Раиса Ивановна көз жасына ерік берді.

Ауруханада жазып берген дәрілердің түк әсері жоқ екен. Үшінші топ мүгедегі болғандықтан оған күшті дәрілер берілмейді екен.

"Бірінші топ мүгедектігін алсақ, бізге дәріні де, жөргектерді де тегін беретін еді. Көбі маған күйеуімді әлеуметтік мекемеге өткізіп таста деп кеңес береді. Бірақ өмір бойы бірге болуға уәде берген адамға мұндай опасыздық істей алмаймын. Өміріміздің соңына дейін бірге боламыз", - деді әйел адам.

Юрий Мануилов тіркелген алтыншы емхананың бас дәрігері науқасты кеңес алуға жіберетіндігін, участкелік дәрігер үйіне барып, мәселе шешілетінін жеткізген.

Сіздің реакцияңыз
3
0
0
11
0
0
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel