RU
Қазақстандық футболшы Дінмұхамед Қашкен испандық клубқа өтті
Жаңалықтар Спорт

Қазақстандық футболшы Дінмұхамед Қашкен испандық клубқа өтті

Рассказать Вконтакте

Қазақстандық жасөспірімдер құрамасының капитаны Дінмұхамед Қашкен испандық "Касабланка" клубына өтті деп хабарлайды SPORTINFORM агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

sport.inform.kz

Фото: sport.inform.kz
Source: Facebook

19 жастағы футболшы Испанияның жастар лигасы клубымен келісімшартқа отырып, осы маусымның аяғына дейін сонда ойнайтын болады. "Сарагосы" футбол клубының фарм-клубы болып табылатын "Касабланка" испандық командалардың дублерлер чемпионатында ойнайды.

Қашкен екі жыл бұрын Испанияда дәл осы "Касабланкада", сонымен қатар "Атлетико" командасының құрамында ойнаған болатын.

Содан кейін футболшы "Астана" қосалқы кұрамына өткен. Ал өткен маусымды Дінмұхамед Қашкен бірінші лиганың "Жетісу -Б" құрамында өткізген. Ол еліміздің дарынды футболшыларының бірі, бірақ отандық премьер лигаға әлі қатысып көрмеген.

Сіздің реакцияңыз
5
0
0
0
2
2
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel