RU

Туристердің сүйікті жағажайы акулаларға толып кетті (видео)

Таиландағы Леонардо Ди Капирио түскен "Жағажай" фильміндегі танымал Майя жағалау суында акулалар қаптап кеткен. Бұл туралы life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

trn-news.ru
Көрнекі фото: trn-news.ru: Facebook

Видеодан көптеген қара акулалардың жағалау маңында жүзіп жүргенін көруге болады. Осыдан бірнеше ай бұрын ғана туристер қаптар жүрген жағажайды жыртқыштар иемденіп алыпты.

Алайда акулалардың ұзындығы бір метрден аспайды екен. Сондықтан бұл әлі жас акулалар деген болжам жасауға болады.

Айта кететін жайт, осы акулалардың жойылу қауіпі төнгендіктен биыл маусымда бұл жағажай туристер үшін жабылған болатын. Бұл айлақ акулалардың мекендейтін жері екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1766553-turisterdi-sjikti-zagazajy-akulalarga-tolyp-ketti-video.html