RU
Тірідей көмген: 6 адамды айуандықпен өлтіргендер сот үкімімен атылды
Жаңалықтар Әлемде

Тірідей көмген: 6 адамды айуандықпен өлтіргендер сот үкімімен атылды

Рассказать Вконтакте

Беларусияда алты адамның өліміне қатысы бар "қара риэлторлар" Семен Бережной мен Игорь Гершанковқа өлім жазасы орындалды деп жазады Спутник Қазақстан.

Тірідей көмген: 6 адамды айуандықпен өлтіргендер сот үкімімен атылды

Көрнекі фото: © Владимир Вяткин
Source: Instagram

Могилев облыстық соты Бережной мен Гершанковты 2017 жылдың шілдесінде өлім жазасына кескен.

Оларға алты адамды өлтірді, алаяқтық жасап, адам ұрлады және басқа да қылмыстар жасады деген айып тағылып, кінәлі деп танылды.

Олар кейбір тұрғындарға арақ немесе клофелин препаратын күштеп ішкізіп, тірідей көміп тастаған.  

Сот үкімі ату арқылы орындалды.  

Топтың тағы екі мүшесі – Татьяна Гершанкова мен Борис Колесников 24 және 22 жылға бас бостандығынан айырылды. Жалпы алғанда, қылмыстық топ тұрғын үйге қатысты айла-шарғыдан теңгеге шаққанда шамамен 34 миллион теңге кіріс келтірген.

Айта кетейік, Беларусия – Еуропада және ТМД елдерінде өлім жазасы қолданылатын жалғыз ел. Ең қатаң жаза тек 18 жастан 65 жасқа дейінгі ер адамдарға қолданылуы мүмкін. 

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
4
1
28
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel