RU
Төртінші желтоқсанға арналған жұлдыз жорамал
Жаңалықтар Калейдоскоп

Төртінші желтоқсанға арналған жұлдыз жорамал

Рассказать Вконтакте

Бүгін жаңа нәрсе үйренген пайдалы. Жаңа идеяларға ашық болған дұрыс, себебі көп ұзамай оларды жүзеге асыру мүмкіндігі пайда болады. obozrevatel сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ төртінші желтоқсанға арналған жұлдыз жорамалды назарларыңызға ұсынады.

fakty.ua

Көрнекі фото:fakty.ua
Source: Facebook

1. Тоқты

Бүгін сіз кез келген адаммен тіл табыса аласыз. Ойыңызды нақты жеткізіп, ұжымда өзіңізді жақсы жағынан көрсетіп, адамдармен тіл табысып, жұмыс істеу қабілетініңіз артады. Адамдардың көңілін табуға тырысып жүрсеңіз де, өзіңіздің даралығыңызды ұмытпайсыз, сондықтан қорықпай пікіріңізді білдіресіз.

2. Торпақ

Бүгін тәуекелге бел бууға болады. Бұрыннан мәпелеп келе жатқан арманыңызды жүзеге асырып, өзіңізді бақытты ете аласыз. Ең бастысы тағдыр сыйын қалт жібермей, дер кезінде мүмкіндікті пайдаланыңыз. Бірақ ол үшін өзіңізге деген сенімсіздіктен арылыңыз.

3. Егіздер

Бүгін сіз еріншектікті қойып, өзіңізді қолға аласыз. Ал бәсекелесетін адам табылса, сіз алдыңызға жан салмай, озып шығуға тырысасыз.

4. Шаян

Сіздің жұмысқа қабілеттігіңіз бен табыстылығыңыз өте жоғары деңгейде болады. Ең қиын тапсырманың өзін оңай орындайтын боласыз. Бүгін сіз бір аптаның жұмысын атқарып тастай аласыз. Сонымен қатар бұрыннан істей алмай жүрген жұмыстарыңызды аяқтай аласыз.

5. Арыстан

Бүгін ерекше бір нәрсе істеуге құлшынысыңыз пайда болады. Сейсенбі қолайлы күн, сондықтан бүгінгі ойларды қағаз бетіне түсіріп қойған абзал. Көп ұзамай олар сізге қажет болады.

6. Бикеш

Бүгін сырт әлемнен оқшауланып, оңаша қалғыңыз келеді. Кішкене арманға беріліп, сүйікті кітабыңызды оқып, шығармашылықпен айналысып, хоббиіңізге көңіл бөлуіңізге болады.

7. Таразы

Бүгін түрлі сезімдерді сезінесіз. Бәлкім, қызықты кездесу немесе таныстық болады, жақсы іскерлік ұсыныс алуыңыз мүмкін. Алайда жағдайлар күрт өзгеріп кетуі де ғажап емес. Бұл сіздің бүгінгі мүмкіндіктерді бағалай білуіңізге байланысты. Азды қанағат етсеңіз, көпке қол жеткізесіз.

8. Сарышаян

Бүгін тапсырмаларды жылдам, әрі нәтижелі шешесіз. Алайда ұсақ-түйекке мән бермейсіз. Күнделікті тапсырма болса, уақытыңызды үнемдейсіз, бірақ үлкен жоба болса, асығыстық танытпаған жөн. Немесе күнделікті жұмыстарды бүгін орындап, үлкен жобаларды ертеңге қалдыруға болады.

9. Мерген

Бүгін жаңа нәрсемен қаншалықты айналысқыңыз келсе де, асығыстық жасамаңыз. Бекерге күшіңізді сарп етіп, тер төгуге тура келеді. Күні бойы көп энергияңызды жұмсаған болсаңыз, кешкісін ертерек жатып демалыңыз.

10. Тауешкі

Бүгін қаржылық жағдайыңызды жақсартуға көмектесетін идеялар пайда болады. Алайда жұлдыздар бүгінгі идеялардың бәрі жақсы болмайтынын және оларды жүзеге асыруға асықпау керегін ескертеді. Дегенмен, кейбір идеяларды жазып алып, болашақта қолдануыңызға болады.

11. Суқұйғыш

Бүгін қарсы жыныстың көңілін аулағыңыз келетін болады. Бұл үшін көп тер төгудің қажеті жоқ. Философиялық ойларға беріліп, интелектуалды қабілеттеріңізді көрсетсеңіз болғаны.

12. Балықтар

Бүгін көп нәрсені жүрегіңізге жақын қабылдайсыз, әсіресе біреудің қиындықтарын. Аяныш сезімі жақсы ғой, дегенмен ол өз қажеттіліктеріңіз бен өмірлік ұстанымдарыңызға қайшы келсе, қиындықтар туындауы мүмкін. Сондықтан басқалардың өтініштеріне мән беріп, өзіңізді пайдалануға жол бермеңіз.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
1
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel