RU

Атырауда болған жол апатынан ерлі-зайыпты екі адам бірге көз жұмды

Бірінші желтоқсан күні түскі уақытта «Атырау-Ақтау» трассасында «Ниссан» мен «Лада Гранта» автокөлігі бетпе-бет соғысып қалып, ерлі-зайыптылар мерт болды деп хабарлайды "Ақ жайық".

Атырауда болған жол апатынан ерлі-зайыпты екі адам бірге көз жұмды
Фото: Ақ Жайық: Facebook

Оқиға Доссордан Құлсары қаласына қарай 10 шақырым жерде орын алған.  

Жантүршігерлік жол апаты салдарынан Құлсары қаласының тұрғындары - 1945 және 1946 жылғы ерлі-зайыпты екі адам көз жұмды.

Бұдан бөлек дене жарақатын алған алты адам Доссор кентіндегі ауруханаға жеткізілген.

Бүгінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүріп жатыр, сараптама тағайындалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1766681-atyrauda-bolgan-zol-apatynan-erli-zajypty-eki-adam-birge-kz-zmdy.html