RU
Жамбыл облысында шекарашылар толғағы қысқан әйелді босандырып алды
Жаңалықтар Қоғам

Жамбыл облысында шекарашылар толғағы қысқан әйелді босандырып алды

Рассказать Вконтакте

Жамбыл облысының "Ауқатты" өткізу пунктінің қызметкерлері Қырғызстаннан келе жатқан әйелді босандырып алды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

rebenok.by

Көрнекі фото:rebenok.by
Source: Facebook

Оқиға Қордай ауданында болған.

2 желтоқсан күні сағат 19.30 шамасында шекара қызметінің 2038 әскери бөліміне қарасты "Ауқатты" өткізу пунктінде Қырғызстаннан келе жатқан Фарида есімді азаматшаның күтпеген жерден толғағы басталған.  

Шекара қызметкерлері медицина қызметкерлері жеткенше, жүкті анаға алғашқы көмек көрсетіп қана қоймай, оны босандырып үлгерген екен.

Дүниеге келген ұл бала мен оның анасын Сортөбе ауылының ауруханасына жедел жәрдем көлігімен наряд басшысы, шекарашы-офицер бірге жеткізіп салған.

"Ананың да, нәрестенің де денсаулықтары жақсы. Шекара қызметінің әскери қызметкерлері мемлекеттік шекараның күзетінде әртүрлі күтпеген жағдайларға әрдайым дайын жүреді. Бірақ мұндай жағдай бірінші рет болды", - деді шекара қызметінің баспасөз қызметі.
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel