RU

Ауа райы: Бүгін еліміздің басым бөлігінде аяз және бұрқасын болады

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз аязды ауа райы күтіледі, тек солтүстік және шығыс аудандардан фронталды бөліктердің өтуіне байланысты қар, оңтүстікте, шығыста жел сақталады деп хабарлайды Қазгидромет РМК.

Көрнекі фото: orken-media.kz
Көрнекі фото: orken-media.kz: Depositphotos

Синоптиктердің болжамынша, еспубликаның кей жерлерінде тұман, батыста-көктайғақ, солтүстігі мен шығысында жаяу бұрқасын күтіледі.

Алматы облысында түнде кей жерлерінде тұман түседі, Жалаңашкөл ауданында жел 17-22 м/с соғады. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі, күндіз жаяу бұрқасын, көктайғақ болады.

Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, түнде жел 15-20 м/с болады, Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында көктайғақ болады. Павлодар, Маңғыстау облыстарының түнде кей жерлерінде тұман түседі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1766693-aua-rajy-bgin-elimizdi-basym-bliginde-aaz-zne-brkasyn-bolady.html