RU
Қазақ жігіті 10 мың метр биіктікте сүйіктісіне ұсыныс жасады (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Қазақ жігіті 10 мың метр биіктікте сүйіктісіне ұсыныс жасады (видео)

Рассказать Вконтакте

Қазақстандық жігіт 10 мың метр биіктікте сүйіктісіне ұсыныс жасады. Видео YouTube хостингінің романтика бөлімінде жарияланған деп хабарлайды NUR.KZ.

Видеодан скриншот

Фото: видеодан скриншот
Source: Facebook

Жас жігіт сүйіктісіне тосын сый жасайтынын экипаж мүшелеріне алдын ала ескертіп қойған. Бортсерік дауыс зорайтқыш арқылы Айжан есімді жолаушыға ерекше бір сый бар екенін жариялаған.

"Сен мені өзгерттің. Мен сені қатты жақсы көремін. Мен үшін ең қымбат жансың. Сенімен бірге отбасын құрғым келеді. Мен әрқашан сенімен бірге боламын: жерде де, көкте де", - дейді ол.

Осындай сөздерден кейін жігіт сүйіктісінің алдында тізерлеп, жүзік ұсынып, "Маған тұрмысқа шық" деп ұсыныс жасады.

Бойжеткен келісімін беріп, жолаушылардың барлығы қол соғып, қошемет көрсетеді.

Жолаушылар мен экипаж мүшелері ғашықтарды құттықтап, оларға бақытты ғұмыр тіледі.

Сіздің реакцияңыз
2
1
0
0
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel