RU
Кішкентай қазақ қызы Мәскеуде сұлулық байқауының жеңімпазы атанды (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Кішкентай қазақ қызы Мәскеуде сұлулық байқауының жеңімпазы атанды (фото)

Рассказать Вконтакте

Қарағандының кішкентай тұрғыны Аиша Абенова ресейлік "Mini miss grand prix Russia 2018" байқауының жеңімпазы атанды деп хабарлайды NUR.KZ.

Балақай қуанышты жаңалығымен өзінің Instagram парақшасында жариялаған.

"Алақай! Тәж Қазақстанға келе жатыр", - деп жазған Аида.

Кішкентай балақай туған-туыстарына, достарына, сонымен қатар байқау ұйымдастырушыларына және ArtLine модельдік агенттігіне алғысын білдірген.

Желі қолданушылары қазақстандық кішкентай патшайымды жеңісімен құттықтаған.

"Біздің мақтанышымыз!", "Алтын қыз! Жарайсың!", "Әрқашан жеңіс тұғырынан көрін", "Үздіксің", "Бұл сенің жеңісің. Құттықтаймыз!", "Жеңетініңе сенген едік", "Өмірің тек жеңістерден тұрсын", "Жарайсың!", деп тілегін жаудырды олар.

"eKaraganda" ақпараты бойынша, Аиша өзіне жаңа мақсат қойыпты. Енді ол "Әлем аруы" байқауына қатысуға дайындалады. Айта кетейік, ол "Mini miss Karaganda 2018" байқауының жеңімпазы.

"ArtLine" модельдік агенттігі басшысының сөзінше, Аиша жеті жаста болғанына қарамастан ән сала алады, күйсандықта ойнайды, сонымен қатар жақсы сурет салып, өлең оқиды.

"Mini miss grand prix Russia 2018" байқауына үш пен 13 жас аралығындағы қыздар қатысқан.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
1
7
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel