RU
Ел алдына санын көрсетіп шыққан актриса бес жылға сотталуы мүмкін (фото)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Ел алдына санын көрсетіп шыққан актриса бес жылға сотталуы мүмкін (фото)

Рассказать Вконтакте

Мысырлық актриса және фотомодель Рания Юсеф Каирлық кинофестивальдың жабылу салтанатына мөлдір көйлек киіп келгені үшін сот алдында жауапқа тартылады. Бұл туралы НТВ арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

day.az

Фото:day.az
Source: Facebook

Жергіліктің БАҚ ақпаратынша, заңгерлер тобы қоғамдық инабаттылық ережелерін бұзғаны үшін актрисаны сотқа берген. Бұл іс жөніндегі алғашқы отырыс 12-ші қаңтарға белгіленген. Мысырдың қылмыстық кодексінің азғындық және жезөкшелік баптары бойынша актриса бес жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

29 қараша күні Каирдағы кинофестивальдың жабылу салтанатына Рания Юсеф мөлдір органзадан тігілген көйлек киіп келген.

Сұлудың денесі мен аяғын толығымен көрсететін көйлекті Мысыр қоғамы өрескел деп қабылдаған. Актриса азғындық пен жезөкшелікті насихаттап жүр деген айыптаулар айтылған. Бұл ислам қоғамының ережелерін бұзады екен.

Алайда актриса өзін кінәлі санамайды. Ой еркіндігі мен өз болмысын көрсетуге талпынғанын мәлімдеген актриса, мұның азғындыққа еш қатысы жоқ екенін айтқан.

Кинофестивальдың жабылуына Мысырлық басқа да жұлдыздар ашық көйлектер киіп келген екен.

Сіздің реакцияңыз
0
2
1
1
0
15
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel