RU
Алматы маңында құрылыс базарынан өрт шықты (фото)
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Алматы маңында құрылыс базарынан өрт шықты (фото)

Рассказать Вконтакте

Алматы облысының Іле ауданы Түймебаев ауылындағы "Ащыбұлақ" құрылыс базарынан өрт шықты. Бұл туралы ІІМ төтенше жадайлар қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

ІІМ төтенше жағдайлар комитеті

Фото:ІІМ төтенше жағдайлар комитеті
Source: UGC

Өрт туралы ақпарат таңғы 04.43 келіп түскен.

800 шаршы метр көлеміндегі құрылыс заттары сақталған 20 контейнердің өртенгені белгілі болды.

Өрт сөндірушілер өртті ауыздықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Өртті сөндіруге Алматы облысының төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамының 20 адамы және өрт сөндіру техникасының алты бірлігі, Алматы қаласының төтенше жағдайлар қызметінің жеке құрамының алты адамы және екі өрт сөндіру техникасы жұмылдырылған.

Құрбандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат келіп түскен жоқ.

Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel