RU

Сүйіктісіне сезімін білдірген жігіт қуанғаннан жүзігін жоғалтып алды

Нью-Йорк қаласының Таймс-Сквер алаңында сүйіктісіне сезімін білдірген жігіт қобалжғаннан жүзігін жоғалтып алды деп хабарлайды sb.by сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: fb.ru
Көрнекі фото: fb.ru: Twitter

Бейнебақылау камераларына түсіп қалған жазбадан бойжеткеннің берген жауабынан соң жігіттің жүзікті қолынан түсіріп алғанын, артынша жерге жатып іздегенін байқауға болады.

Ал неке сақинасын тауып полиция қызметкерлері жігітке өз затын қайтармақ болғандарын айтқан.

"Қыз оған "иә" деп жауап берген. Қобылжыған жігіт сақинаны жоғалтып алған. Ал біздің қызметкерлер ол жүзікті тауып алды, енді жас жұбайларға қайтарып бергісі келеді. Ол жастарды табуға көмектессеңіздер екен", - деді полиция қызметкерлері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1766717-sjiktisine-sezimin-bildirgen-zigit-kuangannan-zzigin-zogaltyp-aldy.html