RU

Димаш Құдайберген ерекше даусымен ресейліктерді тамсандарды (видео)

Әнші Димаш Құдайберген ресейлік "Не? Қайда? Қашан?" телешоуының музыкалық үзілісінде өнер көрсетті деп хабарлайды NUR.KZ.

Алғашында бұл ақпаратты әншінің әкесі Қанат Айтбаев өзінің Instagram парақшасында жариялаған. Кейін Димаштың суреті "Не? Қайда? Қашан?" бағдарламасының ресми сайтында жарияланды.

Еске сала кетейік, "Жыл әні" (Песня года) фестивалінде танымал композитор Игорь Крутойдың "Любовь уставших лебедей" әнін орындаған Димаш Құдайберген мәскеуліктерді таңдай қақтырған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1766725-dimas-kdajbergen-erekse-dausymen-resejlikterdi-tamsandardy-video.html