RU
"Жыл таңдауынан" жүлдесіз қалған Әбдіжаппар Әлқожа өкпесін айтты (видео)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Жыл таңдауынан" жүлдесіз қалған Әбдіжаппар Әлқожа өкпесін айтты (видео)

Рассказать Вконтакте

Жыл сайын өтетін дәстүрлі "Жыл таңдауы" жобасында жүлдесіз қалған Әбдіжаппар Әлқожа ұйымдастырушыларға өз өкпесін жеткізді. Әнші өзінің айтулы кештен құр қайтқанын Instagram парақшасында мәлім етті деп жазады NUR.KZ.

Әнші "Кешірім жоқ" әнін орындаған сәтінен видео жүктеп, астына: "Мен жыл таңдауына лайық емес екенмін. Осы жылы дым істемеппін ғой. Фонограммамен айтуым керек еді. Рахмет, жылдың таңдаулары", - деп жазды ол.

Әбдіжаппар Әлқожаның бұл жазбасын оқыған көпшілік, әншіге басу айтқан.

"Сол жүлдені алмасаңыз болмайды ма?", "Сізді онсыз да жақсы көреміз", "Жыл таңдауын" қайтесің? Тойдың әнін орындап, хит болып жүре бер. Сенің орның тойда ғой".

"Сол үшін Ернар Айдардың әнін ұрламау керек еді", "Өкпеңіз орынды. Алайда мойымаңыз" деп көпшілік түрлі пікір білдірді.

Айта кетейік, осыған дейін Ернар Айдар орындап шыққан "Екеумізде бір жүрек" әнін Әбдіжаппар Әлқожаның "Кешірім жоқ" деген атаумен орындап шыққанын жазған болатынбыз.

Естеріңізге сала кетейік, Әбдіжаппар Әлқожаның әндерін біздің MusicNur қосымшасынан тыңдай аласыздар.

Сіздің реакцияңыз
5
1
1
2
2
6
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel