RU
Алтын доп алған Модричтың ата-анасы қуаныштан көз жасын тыя алмады (фото)
Жаңалықтар Спорт

Алтын доп алған Модричтың ата-анасы қуаныштан көз жасын тыя алмады (фото)

Рассказать Вконтакте

France Football нұсқасы бойынша жыл футболшысы атанған Лука Модричтің ата-анасы марапаттау рәсімі кезінде ұлын құттықтап, көз жастарына ерік берді. Бұл туралы sports.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

prosports.kz

Фото: prosports.kz

Хорватия футболшысы Лука Модричтің жеңісі туралы ата-анасы ұлдарынан ерте білген.

"Ұлым, мен әлемдегі ең бақытты әкемін. Сені мақтан тұтамын. Қаншалықты бақытты екенімді сөзбен айтып жеткізе алмаймын!", - деді Луканың әкесі Стипе Модрич.
"Күнім, құттықтаймын сені! Сен осы марапатқа лайықсың. Сен жеңсін деп тілеп едім. Сені қатты жақсы көремін", - деді футболшының анасы Радойка Модрич.

Хорватия президенті Колинда Грабар Критарович те Луканың елдерінің мақтанышы екенін айтып, футболшыны құттықтаған.

Бұл жыл Лука Модрич үшін өте сәтті өтті. Хорватия жартылай қорғаушысы "Реал" құрамында чемпиондар Лигасын жеңіп, Хорватия құрамасында әлем чемпионатының ақтық сайысына жетті. Осылайша "Алтын доп" сияқты жекелеген жүлделердің бәрін жинап алды.

Еске сала кетейік, мадридтік "Реал" мен Хорватия құрамасының жартылай қорғаушысы Лука Модрич әйгілі Лионель Месси мен Криштиану Роналдуды шаң қаптырып "Алтын доптың" игері атанды. Қос мықты 10 жылдан бері бұл атақты ешкімге бермей жүрген.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
2
14
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel