Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағандыда күтуші әйел өзінің мазасын алған қарт әжейді өлтіріп тынған

Опубликовано:

Қарағандыда күтуші әйел өзінің бақылауында болған қарт әжейді аяусыз өлтіріп тастаған. Қимылсыз қалған кейуананы пышақтап өлтірген азаматшаға қатысты сот үкімі өзгертілді деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Twitter

Күдікті әйел қайғылы жағдай орын алған сәтте қатты күйзелісте болғанын және ішімдік ішіп алғанын айтып, жазасын жеңілдетуді сұраған. Осы орайда, сот күтушіні өтемақы төлеу міндетінен босатыпты. Облыстық соттың апелляциялық алқасы күтушіге бұл жарнаны төлеудің қажеті жоқ деп шешкен.

Дегенмен Қарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Бекзат Шалғымбаев күдіктіге қатысты 15 жыл түрмеде жазасын өтеу туралы үкімін өзгертпеген.

Айта кетейік, Қарағандыда күтуші әйел өзіне жұмыс ұсынушы төсекке таңылған әжейді өлтіргені анықталды. Тергеу барысында ол кейуананың қайта-қайта су алдырып, төсек орнын жинауды сұрай бергенінен шаршағанын айтқан. Ал дәл сол күні күтуші қатты шаршап отырғанын алға тартыпты.

Ал марқұм зейнеткер сол жақ жамбас сүйегін сындырып жүре алмай қалған. Ол өзіне күтім жасағаны үшін сотталушы мен оның анасына үнемі ақша төлеп тұрыпты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1766733-karagandyda-ktusi-jel-zini-mazasyn-algan-kart-zejdi-ltirip-tyngan/

pixel