RU
Украиналық омбудсмен Порошенко сөйлеп жатқанда талып қалды (видео)
Жаңалықтар Әлемде

Украиналық омбудсмен Порошенко сөйлеп жатқанда талып қалды (видео)

Рассказать Вконтакте

Адам құқықтары жөніндегі Украина Жоғарғы радасының уәкілі Людмила Денисова ICTV студиясында есінен танып қалды. Бұл жағдай мемлекет президенті қатысқан тікелей эфир кезінде болған деп хабарлайды Life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Украиналық омбудсмен. Фото: ICTV

Украиналық омбудсмен. Фото: ICTV
Source: Twitter

Азов теңізінде болған жағдай туралы айтып жатқанда омбудсмен өзін жайсыз сезіне бастаған.

"Сіз бүкіл әлемнің әртүрлі реакциясын көрдіңіз", - деген Порошенконың сөзінен кейін омбудсменнің құлағанын байқауға болады.

Порошенко мінбеден төмен түсіп, Денисоваға барды. Оған аяғынан тұруына көмектесіп, студиядан шығарып салды.

Содан соң Украинаның президенті омбудсменнің "украиналық кемешілерді босату үшін тәулігіне 20 сағат жұмыс істейтінін" айтты. Порошенконың айтуынша, бұл оңай емес.

Еске салсақ, 25 қараша күні таңертең Керчь бұғазында ресейлік шекарашылар Украинаның үш бірдей ВМС кемесін ұстаған.

Ресей өкілдері мәлім еткендей, кемедегі әскери қызметкерлер мемлекеттік шекараны бұзып, талаптарға ешбір жауап қатпаған. Содан кейін от қоюға мәжбүр болыпты. Алайда Украина жағы кемелер негізсіз тіркеуге алынған және олардың бірінің қозғалтқышы мен басқа да бөліктеріне зақым келтіргенін алға тартқан.

БАҚ мәліметінше, оқиғадан үш украиналық теңізші жарақат алыпты.

Осыдан кейін Украинаның Қорғаныс министрлігі елдегі әскери күштерді жауынгерлік әзірлік жағдайына көшіргені хабарланған еді.

Ал Қазақстан Ресей мен Украинаны жағдайды ушықтырмауға шақырған болатын.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
3
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel