RU
"Астана" велошабандозы құрбысымен бірге жол апатына түсті
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

"Астана" велошабандозы құрбысымен бірге жол апатына түсті

Рассказать Вконтакте

Astana Pro Team командасының велошабандозы Омар Фраиле үшінші желтоқсан күні құрбысымен бірге жол апатына түсті. Бұл туралы ақпарат астаналық клубтың Twitter парақшасында жарияланды деп хабарлайды NUR.KZ.

Bettiniphoto

Фото:Bettiniphoto

Жол-көлік оқиғасы жексенбі күні жастар Мадридте өткен веложарыстардың бірінен қайтып келе жатқанда болған.

Спортшы мен оның құрбысы ауыр жарақаттар алған. Абырой болғанда олардың өмірлеріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Дегенмен бойжеткеннің жарақаттары әлдеқайда ауыр болып шыққан. Оның алты қабырғасы мен омыртқасы сынған. Оған ота жасау жоспарланған.

Ал Омар Фраиленің арқасы ауырып, қабырғасынан жарақат алған.

"Жол апатынан кейін тезірек сауығып кетулерін тілейміз", - деп жазды команданың өкілдері.

Омар Фраиле 28 жаста. Ол Испания тумасы. Қазіргі таңда астаналық клуб үшін өнер көрсетіп жүр.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel