Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Меруерт Түсіпбаева өзіне киіндіріп-шешіндіретін еркек іздеп жүр (видео)

Опубликовано:

Меруерт Түсіпбаева отандық бағдарламада өзінің жаңа стилін көрсетіп, өзіне киіндіріп-шешіндіріп отыратын ер адамның керек екенін айтты деп жазады NUR.KZ.

"Түнгі студия" бағдарламасына қонаққа келген әнші өзінің демалыс уақытында үш-бес келі артық салмақ қосып алғандықтан, кең көйлек киіп келгенін де жасырмады.

Бағдарлама барысында жүргізушілер әншінің ерекше стиліне таңданыс білдіріп, қандай дизайнермен жұмыс істейтінін сұраған.

"Қазіргі уақытта бәрі бар. Оқып аласың керек нәрсені. Қазіргі уақытта Берік Ысмайылов киінуге көмектеседі. Өзім киіне алмаймын. Маған киіндіріп-шешіндіретін еркек керек", - деп әзілдеді Түсіпбаева.

Айта кетейік, осыған дейін Меруерт Түсіпбаева сахнаға ән айтып шыққан Жадоның сырт келбетін сынға алған болатын.

Естеріңізге сала кетейік, Меруерт Түсіпбаеваның әндерін біздің MusicNur қосымшасынан тыңдай аласыздар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1766740-meruert-tsipbaeva-zine-kiindirip-sesindiretin-erkek-izdep-zr-video/

pixel