Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әлем аруына" қатысатын қазақстандық қыз трансгендер бәсекелесін көрсетті

Опубликовано:

"Әлем аруы" байқауында Қазақстан намысын қорғайтын Сабина Әзімбаева Іnstagram парақшасында испандық бәсекелесімен түкен суретін жариялаған. Анджела Понсе есімді ару кезінде жынысын өзгерткен трансгендер екені белгілі болды деп хабарлайды NUR.KZ.

Қазақстандық бойжеткен суретінің астына "Испаниялық алғашқы трансгендер қатысушымен сурет", - деп жазған.

Айта кетерлігі, 2012 жылдан бері "Әлем аруы" байқауына трансгендерлерге қатысуға рұқсат етілген.

Анджела Понсе өз еліндегі сұлулық байқауына қатысып, жеңімпаз атанып, әлемдік деңгейдегі жарысқа жолдама алыпты.

Қазақстан атынан барған Сабина Әзімбаева Бангкок қаласына үш күн бұрын жеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1766745-lem-aruyna-katysatyn-kazakstandyk-kyz-transgender-bsekelesin-krsetti/

pixel