Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сахнада сүрінген Тамара Асарға Мейрамбек Бесбаев көмекке келді (видео)

Опубликовано:

"Жігіттер" квартетінің 15 жылдық жеке кешінде ән айтқан Тамара Асар сахнада құлап қалған. Сахнаға сүрінген әнші аяғын қайырып, орнынан тұра алмай қалған сәтте Тамара Асарға Мейрамбек Бесбаев қол ұшын созған деп жазады NUR.KZ.

Тамара Асар. Фото: sn.kz
Тамара Асар. Фото: sn.kz: Instagram

Әнші өзінің ыңғайсыз жағдайға тап болғанын Instagram парақшасында жазып, көпшілікке болған оқиғаны түсіндіріп берген.

"Сахнаның еденіне шашылған конфетиге сүрініп, отыра кеттім. Өзім тұрып кетейін десем, аяғым қайырылып ауыртып тұр. Оқыс қозғалыс жасасам, оны зақымдайтынымды білдім. Тренерім үйреткен нәрселерді жасап, халыққа қарап қолымды соза беріппін.
Сол сәтте Мейрамбек Бесбаев келіп, қолтығымнан демеп жіберді. Орнымнан тұрғызғаннан кейін бетімнен сүйіп жатыр. Халық та ду қол шапалағын соқты. Қатты қорыққаннан жылағым келіп кетті", - деп ағынан жарылды Тамара Асар.

Айта кетейік, Тамара Асар 20 жасында жантүршігерлік жол апатына ұшырап, бір аяғынан айырылған. Жасанды аяқтың көмегіне жүгінген әнші орнынан қайта тұрудың қиын болғанын жасырмай айтып берді.

Естеріңізге сала кетейік, Тамара Асардың әндерін біздің MusicNur қосымшасынан тыңдай аласыздар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1766753-sahnada-sringen-tamara-asarga-mejrambek-besbaev-kmekke-keldi-video/

pixel