RU
Семей әкімі жастармен бірге бидің түбін түсірді (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Семей әкімі жастармен бірге бидің түбін түсірді (видео)

Рассказать Вконтакте

Семейде Тұңғыш президент күні қарсаңында дәстүрлі жастар форумы ұйымдастырылған. Белсенді жастар мен болашақ кәсіпкерлер қатысқан бұл жиынның соңы би кешіне жалғасқан. Бір қызығы, жастармен бірге көңіл көтеру кешіне Семей әкімі Ермак Сәлімов те қатысқан деп хабарлайды "Алтайньюске" сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Алтайньюс

Фото: Алтайньюс
Source: Facebook

Жоғары лауазымды шенеунік ортаға шыққанда жастардың барлығы таңданып қалған. Алғашында қала әкімімен билеуге жүрексінген олар сәлден соң өз өнерлерін де көрсете бастапты. Ал кейбір белсенді жастар қызу биді ұялы телефондарына түсіріп алыған екен.

"Семейде өткен форумда қала әкімі өте қатты қуантты. Жұмыс уақытында қаталдық танытатын басшы Ермак Сәлімов жастардың өтініші бойынша ортаға шығып, бір би биледі. Осындай қарапайым, халыққа жақын әкімдер көп болса екен. Шымкенттің әкімі зың болса, біздің әкім бидің түбін түсіреді", - деп жазған видеомен әлеуметтік желіде бөліскен жастар.

Екі күннің ішінде бұл бейнежазба бірнеше мың қаралым мен ондаған жақсы пікірлер жинаған.

Айта кетейік, Ермак Сәлімов Семей қаласын 2015 жылдан бері басқарып келеді. Жергілікті тұрғындардың сөзінше, ол алғаш қызметке келген күннен бастап халықтың сүйіспеншілігіне бөленген әкімдердің бірі.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
1
8
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel