Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағандыда қала ішінде жүрген ұшақ тұрғындарды шошытты (фото)

Опубликовано:

Әлеуметтік желілерде Қарағанды қаласында оқу-жаттығу ұшағы шұғыл қонуға мәжбүр болған деген ақпарат таралған. Азаматтық авиация комитеті тексеру жүргізіп, ешқандай ұшақ қонбағанын анықтаған. Бұл туралы комитеттің facebook парақшасына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот: Facebook

Азаматтық авиация комитеті тексеру жүргізіп, Қарағандыда ешқандай да оқу-жаттығу ұшағына қатысты оқыс-оқиға болмағанын анықтаған.

Желіде дүрлікпе тудырған бөлшектенген ұшақ мейрамхана мерейтойын жарнамалау үшін пайдаланылған екен.

Шара өткізілгеннен кейін ұшақ қайтадан тұратын орнына жеткізілген.

Азаматтық авиация комитеті әлеуметтік желіде белсенді ақпараттандыру жұмысын жүргізіп, тек тексерілген ақпаратқа сенуге шақырады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1766761-karagandyda-kala-isinde-zrgen-sak-trgyndardy-sosytty-foto/

pixel