RU
Ислам жиынының қатысушыларына доңыз етін бергендер дауға қалды
Жаңалықтар Әлемде

Ислам жиынының қатысушыларына доңыз етін бергендер дауға қалды

Рассказать Вконтакте

Берлинде өткен 12-ші Неміс Ислам конференциясында қонақтарға доңыз етінен жасалған шұжық берілген деп хабарлайды Батыс Германия радио және теледидар қауымдастығының журналисі Тунжай Өздамардың Twitter парақшасына сілтеме жасаған Kazislam.kz.

Өздамар ұйымдастырушылардың мұсылмандарға немқұрайлы қарағанын атап өтіпті. Бұл жазбаға желі қолданушылары көптеген пікір қалдырған.

Көбісі доңыз етін ұсыну мұсылмандарды сыйламау десе, кейбір оқырмандар қонақтардың арасында басқа да дін өкілдері болғандықтан доңыз етін ұсыну қалыпты жағдай екендігін жазған.

Артынша ұйымдастырушылар буфетте 13 түрлі тамақтың түрі болғандығын және ас дайындау барысында әртүрлі дін өкілдерінің мәселесі жіті бақылауда болғандығын жазып, кешірім сұрап жазба қалдырған.

Сіздің реакцияңыз
2
1
8
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel