RU
Алматы базарында тонаумен айналысқан жас жігіттер ұсталды (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Алматы базарында тонаумен айналысқан жас жігіттер ұсталды (фото)

Рассказать Вконтакте

Алматы қаласының Наурызбай ауданында бірнеше тонаушылық жасады деген күдікпен Шымкент және Алматы облысының тумалары ұсталды. Бұл туралы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Алматы қаласының полиция департаментінің баспасөз қызметі

Фото:Алматы қаласының полиция департаментінің баспасөз қызметі
Source: UGC

Ұсталғандар 19 және 25 жаста.

Полицияның аудандық басқармасының подполковнигі Дінмұхамед Әуелханның айтуынша, ұрлықтар түн мезгілінде "Барлық" базары аумағында жасалған. Жігіттер адамдарды соққыға шығып, ақшалары мен құнды заттарын тартып алумен айналысқан.

Қазіргі таңда күдіктілердің шабуылдауының үш фактісі тіркелген. Полицейлер олардың басқа да қылмыстарға қатысын тексеріп жатыр.

Күдіктілерге қатысты қылмыстық кодекстің 191 бабы "Тонау" бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сонымен қатар, ұсталғандардың заңсыз әрекеттерінен жапа шеккендер болса, полицейлер төмендегі мекенжайға хабарласуды сұрайды: Ақжар елді мекені, Тараз көшесі, 17 үй немесе мына телефондарға хабарласыңыздар: 254-44-64; 254-44-60, 254-44-64.

Сіздің реакцияңыз
3
0
0
0
1
4
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel