Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте жалған дипломмен жұмыс істеген колледж мұғалімінің басы бәлеге қалды

Опубликовано:

Шымкентте колледж ұстаздары жалған дипломмен жұмыс істеп келген. Қазір осындай жеті іс бойынша сотқа дейінгі тексеру жұмыстары басталды деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Көрнекі сурет. Фото:vluki.ru
Көрнекі сурет. Фото:vluki.ru: Instagram

Шымкент қалалық прокуратурасының мәліметінше, "Индустриалды-техникалық" колледжінде өндірістік оқыту шебері 2013 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін аяқтағаны туралы жалған дипломмен жұмыс істеп келген.

Шымкент қаласының прокуратурасы білім бағдарламаларының орындалуын және алты орта-арнаулы білім мекемелеріндегі мемлекеттік тапсырысқа бөлінген бюджет қаржысының тиімді жұмсалуын қадағалап тексеріс жүргізген.

Прокурорлар сондай-ақ, студенттердің мүліктік құқықтарын бұзу, білім туралы заңнама, санитарлық нормалар секілді бірқатар заң бұзушылықтар анықтаған.

Сонымен қатар қадағалаушы органның араласуымен "Мирас" және "Музыкалық Колледж" КММ-нің 586 студентеріне жол ақысына төленбей жүрген 2,5 млн теңге қайтарылған.

Шымкенттегі нөмірі №4 колледж мемлекеттік сатып алу заңнамасын бұзып, 39 млн теңгені ретсіз пайдаланғаны да белгілі болды.

Колледж директоры әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 207-бабының III бөлігімен әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 240 500 теңге айыппұл төлеген.

"Тексеру нәтижесінде, 11 прокурорлық қадағалау актісі енгізіліп, 1,5 мың оқушыға (996 кәмелет жасына толмағандар, үш жетім балалар) 7,3 млн теңге қаржы өтеліп, 35 тұлға тәртіптік және алты тұлға 360 мың теңге мөлшерде әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - деп хабарлайды Шымкент қаласының прокуратурасы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1766787-symkentte-zalgan-diplommen-zmys-istegen-kolledz-mgalimini-basy-blege-kaldy/

pixel