RU
Ақтөбе әкімі Испанов әкесіз өсіп жатқан сәбиді бауырына басты
Жаңалықтар Қоғам

Ақтөбе әкімі Испанов әкесіз өсіп жатқан сәбиді бауырына басты

Рассказать Вконтакте

Тұңғыш президент күнінде Ақтөбе қаласының әкімі әкесіз өсіп жатқан балалардың тұсауын кесу рәсімін өткізді деп хабарлайды Aktobenews.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

aktobenews.kz

Фото: aktobenews.kz
Source: Facebook

Он бір ай бұрын "Аналар үйінде" өсіп жатқан Эльнур мен Ярославты қырқынан шығарған әкім Тұңғыш президент күніне орай Эльнурдың тұсауын кескен.

Кішкентай бүлдіршін алдына қойылған заттардың ішінен микрофонды таңдапты.

Испанов мырза "Әнші болады ғой", - деп қуанып қалған.

Шара барысында Ярослав, Нұр, Диляр есімді балалардың да тұсаулары кесілген.

"Біздің бүлдіршіндер беделді тұлғалар сияқты биіктен көрінсін деп ырымдадық. Өзге ұлт өкілдері болса да, біз балаларды қазақтың дәстүрі мен әдет-ғұрыптары бойынша баулимыз", - деді "Аналар үйі" қоғамдық қорының үйлестірушісі Таңсұлу Лакова.

Естеріңізге сала кетейік, қаңтарда Ақтөбе әкімі екі сәбиді қырқынан шығарған болатын.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
0
13
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel