RU
Бұзақылық жасады деп айыпталған Қайрат Жамалиев елден шығарылмайтын болды
Жаңалықтар Қоғам

Бұзақылық жасады деп айыпталған Қайрат Жамалиев елден шығарылмайтын болды

Рассказать Вконтакте

Атышулы кәсіпкер Қайрат Жамалиевке бұлтартпау шарасы қолданылып, "ешқайда кетпеу туралы" тілхат алынды деп хабарлайды Tengrinews.kz.

today.kz

Фото: today.kz
Source: Facebook

Астана полициясы кәсіпкер "Бұзақылық" жасады деп айыпталып, қылмыстық іс қаралып жатқанын хабарлады.

18 қараша күні 48 жастағы Жалиев 36 жастағы ерді соққыға жыққан деп күдіктелуде.

Астана қаласының полиция департаментіндегілер тұтқындалған азаматтың өз кінәсін мойындағанын хабарлады. Оған қатысты бұлтартпау шарасы қолданылып, "ешқайда кетпеу және тиісті тәртіп сақтау туралы" тілхат алынған.

Еске сала кетейік, Қайрат Жамалиевтің есімі 2015 жылы әлеуметтік желілердегі ақпарат арқылы белгілі болды. Астана тұрғыны аяусыз соққыға жығылған Әліби Жұмағұловтың суретін жариялап, мұны беделді кәсіпкердің істегенін алға тартқан болатын.

Кәсіпкер сыбайластарымен бірге тұтқындалды. Сол жылы сот үкімі бойынша ол 13 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

Кейін Қайрат Жамалиевтің өтінішімен кассациялық инстация жәбірленуші Әліби Жұмағұловтың пікірін есепке ала отырып, сотталушының әрекетін басқа бапқа ауыстырған.

Осылайша Жамалиевтің жаза мерзімі 13 жылдан жеті жылға азайтылған еді.

Ал осы жылдың жазында бұрынғы кәсіпкер бостандыққа шықты.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
3
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel