RU
Ақтөбеде тоққа түсіп, екі қолынан айырылған балаға үш млн теңге жиналды
Жаңалықтар Қоғам

Ақтөбеде тоққа түсіп, екі қолынан айырылған балаға үш млн теңге жиналды

Рассказать Вконтакте

Ақтөбе облысы Шалқар ауданында мектеп ауласында тұрған 10 мың вольттық трансформаторға түсіп, екі қолы күл боп кеткен оқушы үйіне шығарылды. Тоғыз жасар балаға үш рет ота жасалған деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ
Source: Instagram

"Үш рет ота жасағаннан кейін балам ауруханадан шықты. Қазір үйімізге оралып, аудандық ауруханаға қаралып жүрміз. Дамирдің денесіндегі барлық күйіктер алынды.

Сол жақ аяғынан тері алып, төсінің үш жеріне, тізесіне, бақайына жамалды. Оң аяғындағы бақайының ортасы күйіп кеткен болатын.

Қазір жаман емес. Тері жамаған жерлер әлі жазыла қойған жоқ. Ішінен қабырғасы алынған соң төсін де ауырсынады", - дейді Дамирдің анасы Гүлмира Фаткулина.

Анасы төрт айға дейін бала күтімімен үйде отыратынын айтты. Содан кейін ғана балаға мүгедектік жасалады екен.

Қазақстандықтар екі қолынан айрылған оқушыға 3 млн теңгеге жуық қаржы жинап берген.

"Дәрігерлер жасанды қолды бір жылдан кейін ғана саламыз деп отыр. Себебі, қолы қысқа кесілгендіктен аппаратты орнату қиын. "Дамирге көмек" деп ашылған есеп шотқа 3 млн теңгедей қаржы жиналды.

Жағдайымызға бей-жай қарамай, қолдау білдіріп жатқан барша азаматтарға басымды иіп алғыс айтамын. Көп түкірсе көл. Бірақ, балаға бір қол салу үшін 30 млн теңге қаржы керек екен.

Ал бізде екі қол да жоқ. Яғни, бір жыл ішінде 60 млн теңге табуымыз керек. Мұндай сапалы оталарды Ресей елінде жасайды екен", - дейді анасы.

Тіркелген оқиға бойынша Шалқар аудандық ішкі істер бөлімімен қылмыстық іс қозғалған.

Естеріңізге салсақ, 5 қазан күні Шалқар қаласындағы №2 мектептің 4-ші сынып оқушысы ойнап жүріп, мектеп ауласындағы тоққа түсіп қалғанын хабарлаған болатынбыз.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
5
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel